1

Кіру

Білім күні!

 

 

2015 жылдың 1 қыркүйек күні  республикамыздың барлық мектептерінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан!» кітабы сыйға таратылды. Бұл оқулық патриоттық сезімді ұштайтын және жастайынан отансүйгіштікке баулуды үйрететін кітаптардың бірі.  Воскресенка ЖОББМ-де де биылғы бірінші сыныптағы оқушыларға осындай сый таратылды Кітаптың балалардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін тұстары өте көп. Тіпті, үлкендерге де оқуға болады. Қазақстанның сұлу, баға жетпес табиғаты және әсем қалалары жайлы көркем тілмен суреттеліп, берілген.