"Аналар - асыл жандар"
Воскресенка жалпы орта білім беру мектебінде 7 наурыз күні көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Аналар - асыл жандар" атты концерттік іс-шара өткізілді. шара барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, әсем дауысты балалар ән айтты, би биледі. Аналарға арналған түрлі ойындар жүргізілді. Бұл күні барлық қатысушылар, қонақтар үйлеріне құр қол қайтпады, өздерімен жақсы көңіл-күй мен кішігірім сыйлықтарын алды.